«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыстары бойынша мәлімет » «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Т.Рахметолла атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2023

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыстары бойынша мәлімет


«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет» деп мемлекет басшысы Қ.К.Токаев алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осыған орай Р.Толқымбекұлы атындағы орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.
Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу
мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер,
ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз
ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім
жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында
мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс
жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.
Мектеп директоры Ж.М.Мынбаев заңсыз ақшалай қаражат жинаудың алдын-алу мақсатында ата-аналар мен мектеп ұжымына жиналыс ашып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Э.Н.Нуртаевна мектептің үлкен сынып оқушылары мен жас педагогтеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
9-11-сынып Э.А.Қайыркубенова «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты «Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамытуӨз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

7-сынып жетекшісі Ф.Н.Нурбердиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі
қадағаланып отырады.
Ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау
мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі онлайн жиналыстар
өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Бүгінгі тақырып негізінде, сөзімді Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі деп қорытындылаймын.





«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыстары бойынша мәлімет
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив