«Бала құқығы-адам құқығы» дүние жүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара » «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Т.Рахметолла атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2020

«Бала құқығы-адам құқығы» дүние жүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

20 қазан - 20 қараша  аралығында мектеп бойынша «Бала құқығы-адам құқығы» дүние жүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара  туралы ақпарат.


Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп бойынша 20 қазан - 20 қараша  аралығында мектеп бойынша «Бала құқығы-адам құқығы» дүние жүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. 

Осы іс-шара  аясында  7-сыныпта  «Менің құқығым және міндетім» атты сынып сағаты өткізілді. Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие берілетіні айтылды. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажеттігі түсіндірілді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.  Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіретіні түсіндірілді.Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы - ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымыздыда, өзгенің құқығын да бұзбай, тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік деген ұранмен сынып сағатында кең ауқымда түсініктер берілді.

2- сынып оқушыларымен «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты сынып сағаты өтілді. Жетекшісі Т.М.Сағадиева . Сынып сағаты барысында  оқушыларға өз құқықтары таныстырылды. Құқық туралы жалпы түсінік берілді. Өз құқығыңды білесін ба? атты ойын ойнатылды. Мақсаты: оқушылар ойнай отырып ойланып көптеген сұрақтарға жауап алады. Оқушыларға видео көрсетіліп талқылау жасалды. Не істеуге болады?  Не істеуге болмайды? бір-біріне мектептегі әдеп нормаларын сақтап оқушының міндеті мен құқығы туралы ой бөлісті«Бала құқығы» деген тақырыпта  сынып жетекшісі Г.К. Абдрахманова  9 сынып оқушыларымен іс –шара өткізді. Іс –шара барысында мемлекеттегі әрбір баланың аман –сау өсіп, жан –жақты дамуына, ой –пікір, ар-ождан туралы  мәліметтер берілді. Оқушыларға Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенция таныстырылды. 2002 жылы тамызда бала құқығы туралы заң қабылданғандығы, осы заң 9 тарау, 53 баптан тұратындығы айтылды. Бала құқығы конвенциясына 2002 жылы 2 қыркүйекте қол қойылып,  заң күшіне енгендігі жайлы түсіндірілді. Біздің бала құқығын қорғауда  өреміз биік зайырлы  мемлекет екендігіміз  туралы толықтай мәлімет берілді.

Сілтемесі:

https://www.instagram.com/p/CHmjgdSnCwP/?igshid=d75ah27fvrv0

«Бала құқығын қорғау» деген тақырыпта 6- сынып жетекшісі   сынып жетекшісі  Г. Бағдал  6 сынып оқушыларымен іс –шара өткізді. Іс –шара барысында мемлекеттегі әрбір баланың аман –сау өсіп, жан –жақты дамуына, білім алып , тәрбиелі саналы азамат болып қалыптасуы туралы мәлімет беру. Біздің бала құқығын қорғауда  өреміз биік зайырлы мемлекет екендігіміз  туралы толықтай мәлімет берілді.



Мектеп директоры                           М.Ж.Мынбаев

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив