Тәуелсіздікке 28 жыл » «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Т.Рахметолла атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2019

Тәуелсіздікке 28 жыл

Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арнап төмендегідей іс-шаралар атқарды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Сынып оқушылары «Гүлденген  менің елім- Қазақстан» тақырыбында қабырға   газеттерін шығарды.
 Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Г.Бағдал мен Г.Абдрахманова жолдастар әр сыныптын оқушыларынан «Әлемдегі тұғыры биік елім-Қазақстан» тақырыбына шығарма жаздырып, нәтижесінде 9- сынып оқушысы шығарма жазу конкурсы бойынша А.Мақұлбай жүлдегер атанып,  марапатталды.
 5-6 сынып жетекшілері Г.Бағдал мен Н.Ақылбаева  «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында  ашық тәрбие сынып сағаттары   өткізді.7-8 сынып оқушылары арасында Г.Абдрахманова мен Н.Жеңіс  «Желтоқсан құрбандары» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар Қайрат Рысқұлбеков және Ләззат Асанова туралы желтоқсан көтерілісінен көріністер көрсетіп, тәуелсіздігіміздің тарихына тоқталып, еліміздің рәміздеріне байланысты тақпақтарын жатқа айта білді.9-11 сыныптың жетекшілері А.Раскелдина мен А.Райымбек  «Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат» ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушылар  өз өнерлерін көрсете білді. Оқушыларға Еліміздің тарихындағы елеулі даталар туралы ашық сұрақтар қойылып, рәміздер туралы білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Оқушылар Елбасының өмірбаянын  қысқаша көрініс арқылы көрсетті. Атап айтатын болсақ, дүниеге келген сәті, тұсаукесер рәсімі, алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезі, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген сәті мен Елбасы атанған кезінен  көріністер көрсетілді. 
Ашық тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің өлең жолдарын оқып, ән айтты тәуелсіздік жылдарымызда жеткен жетістіктерімізге тоқталып өтті. Ашық тәрбие сағатына мектеп әкімшілігі, ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты.
       12- желтоқсанда «Гүлденген Қазақстан!» атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылып 2-9 сынып оқушылары арасында жарыс түрінде өткізілді. Бұл көрменің мақсаты: Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге, болашақ Қазақстан Республикасының гүлденуіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігінің 28 жылдығын атап өту қарсаңында сурет көрмесін өтізілді. Көрме барысында әділ- қазылар алқалары әр оқушының салған суреттерінің жетістігін бағалап, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады.     А.А.Нуртазинов жолдастың ұйымдастырылуы бойынша 8,9,10,11-сыныптар арасында  өткізілді. 10-11-сыныптар арасында «АК-74 автоматын шашып, кайта жинау, 8-9-сыныптар арасында мылтық атудан жарыстар ұйымдастырылды. Автоматты шашып,қайта жинаудан 11-сынып оқушылары Жарқынбек Жалын 1-орын, Сейітнұр Аяулым 2-орын алды. Мылтық атудан 9-сынып оқушылары Сейдрасыл Ернар 1-орын, Ақыт Нұрмұханбет 2-орын,  8-сыныптан Құсайын Шыңғыс 3-орын иеленді. Оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. Аталған іс-шараға 8-11-сынып оқушылар толық қамтылды.                                 Желтоқсан айының 13-і күні мектеп оқушыларының қатысуымен жалпы салтанатты жиын өтті. Бұл жиында мемлекеттік гимн орындалып, тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алу шарасы болып өтті. Мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Раскелдина  «Тәуелсіздік ел тұғыры»  атты баяндаманы оқыды.Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары белсене қатысты.  
                                       
                                                                  Педагог ұйымдастырушысы                     А.Раскелдина





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив