"Ұл тәрбиесі" Ұлдарға кеңес отырысы » «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Т.Рахметолла атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2022

"Ұл тәрбиесі" Ұлдарға кеңес отырысы

«Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» КММ

Хаттама № 1
3. 12. 2021 ж

Өткен уақыты: 16.00

Қаралатын мәселелер:
1. «Ұл тәрбиесі» Ұлдарға кеңес баяндама. Ш.Р.Қалтай
2. Құқық бұзушылықты алдын-алу. Мұқыры ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты С.Е.Мырзахметов.
3. Мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырыу. Г.Е.Инирбекова

Қатысқаны- 21
Себептісі- 1
Себепсізі-

Тыңдалды:

Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебінде желтоқсан айының
3-күні 4-11 сыныптардың ұлдарымен ұлдар жиналыс өткізілді. Жиналыстын алғашқы сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Е.Инирбекова алып, өз сөзінде жиналыста қаралатын мәселелермен таныстырып өтті. Жиналысқа Мұқыры ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты С.Е.Мырзахметов қатысты.
Бірінші мәселе бойынша «Ұл тәрбиесі» тақырыбында АӘТД пәнінің мұғалімі Қалтай Шыңғыс Реналұлы баяндама оқып, ұл тәрбиесі бойынша ұлдарға кеңес берілді.
16 жаста сүйегің қатайып, дене мүшелерің толық қалыптаса бастайды. Сондықтан да шамадан тыс зілдей ауыр салмақ көтерме. Спортпен немесе өте көп күш жұмсауды қажет ететін іспен есіңнен тамғанша айналысушы болма. Бұл сенің келешек өміріңе қатер. Әрқайсымен керегінше ғана айналыс.
2. Аузыңа арақ (немесе шарап) тамшысын апарушы болма. Темекі ұстап та, тартып та үйренбе. Ішімдіктің қаныңа әбден араласқан әрбір зәрлі мысқылы сенің жақсы өсіп келе жатқан дене мүшелеріңді күрт тоқтатып, бауыр, нерв жүйелерін тез тоздырып, сарытап бола бастайсың. Сөйтіп, түрің, дене мүшелерің мен денсаулығың жағынан өз қатарыңнан мүлде қалып, кейіннен дертті бола бастайсың.

Екінші мәселе бойынша құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында мұқыры ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты С.Е.Мырзахметов. ұлдарға құқық бұзушылықтын алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өз сөзінде 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің ересектердің бақылауынсыз жүруіне жазғы уақытта сағат түнгі 23.00.-ге дейін рұқсат етіледі, ойын-сауық орындарында 22.00-ге дейін (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы). Кешкі уақытта АІІБ тарапынан рейд жүргізілетіні туралы айтып өтті.
Оқушылар арасындағы бопсалау, әлімжеттік, ұрлық туралы заңдармен таңыстырып өтті. Ауданда жасөспірімдер арасында болып жатқан түрлі оқиғаларға тоқталып, оқушылар арасындағы ерегестер мен жан-жалдар туралы айтылды.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Е.Инирбекова алып, өз сөзінде мектептің iшкi тәртіптік ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуы, өзара қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті

Шешім:
1. Мектептегі ұлдармен жұмыс, жоспар бойынша үнемі уақытылы жүргізілсін.
2. Құқық бұзушылықты алдын-алу жұмыстары, ауылдық учаскелік полиция инспекторымен бірлесе жыл бойы жүргізілсін.
3. Мектептің iшкi тәртіп ережелері сақталсын..




Жиналыс төрағасы Ж.М.Мынбаев

Хатшы:

Г.Е. Инирбекова





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив