МЕКТЕП ТАРИХЫ » «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Т.Рахметолла атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2017

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 

 

 

 

 

МЕКТЕП  ТАРИХЫ

 

 

 

 

 

МЕКТЕП  ТАРИХЫ

 

      «Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектебінің іргетасы 1930 жылы қаланған. Жоғарыда аты аталған мектеп 1936 – 1973 оқу жылдары алғашқы кезде бастауыш 4 сыныптық мектеп болып жұмыс жасайды.

«Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектеп алғашқы кезде бастауыш мектеп болып, тек 1973 жылдан бастап 8 жылдық орталау мектеп болып пайдалануға берілді. Ең алғаш мектеп директоры болып Ж.Абдрахманов жолдас жұмыс жасады. Сол 1936 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы басталғанға дейінгі аралықта «Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектебін басқарып, ел басына күн туған уақытта елін, жерін жаудан қорғаушылардың алғашқысы болып, соғысқа аттанады. Ж.Абдрахманов жолдас сол соғыста хабарсыз кетеді.

1941-1949 оқу жылдарында мектеп директоры болып Әбішев Әбілмажин жолдас басқарады. Ал 1949 – 1954 жылдары мектепті Әлкенов Стан Әлкенұлы басқарған.

Бұл кісіден соң 1954 – 1962 жылдары Ибраимов Рахметолла Толқымбекұлы жолдас мектептегі директорлық қызметті атқарады. 1962 – 1966 оқу жылдарында Әлкенов Стан Әлкенұлы қайтадан мектептегі директорлық қызметке отырады.

Тек 1973 жылы жаңа мектеп ғимараты салынып, 1973 – 1974 оқу жылында сегіз жылдық мектеп болып пайдалануға берілді. Сол жылдардағы сегіз жылдық мектептің директоры болып Құрмашев Тельман Құрмашұлы сайланды.

Сол жылдардан кейнгі 1975 - 1979 оқу жылдарында Нұртаев Құсайын Нұртайұлы басқарса, 1979-1980 оқу жылдары Балабеков Керімбай Лаубайұлы жолдас директор болды. Бұл жолдастан соң мектептің 1982-1989 оқу жылдарында Нұртаев Құсайын Нұртайұлы жолдас қайта директорлық қызметке келді. Денсаулығына байланысты бұл қызметтен босатылған соң, «Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектепті 1989 – 2001 оқу жылдарында Байтышева Расия Бақбайқызы басқарады.

Сонымен бірге 2000 – 2002 оқу жылдарында мектепті Күренов Еркін Нұрғабылұлы жолдас мектепті басқарса, 2002-2003 оқу жылдарында Нұртазиноа Айдос Айтмұхамедұлы директорлық қызметте болды. Бұл мектеп директорынан соң мектепті 2004 - 2005 оқу жылдарында Жанаханов Елемес Жекенұлы басқарды. Мектептің 2005 – 2006 оқу жылдарынан бастап Айтқазы Талғат жолдас басқарып, 2010 -2011 оқу жылына дейінгі аралықта басқарады.

Келесі 2011 – 2012 оқу жылдарында мектепті Асқаров Сапарбек Байтайұлы жолдас басқарады. Бұл кісінің қайтыс болуына байланысты сол 2012 жылдың наурыз айынан бері мектепті Карибаев Абилбек Қатарбайұлы басқарып келеді. «Қазақстанның 10 жылдығы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 ақпан 2015 жылғы № 54 және Алматы облысы, Көксу ауданы әкімдігінің 9 наурыз 2015 жылғы № 92 қаулысына сәйкес, «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауысты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив