01
март
2022
15 -25 ақпан аралығында қышыма, дерматомикоз ауруларының алдын-алу акциясы туралы ақпарат.
Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектепте 15 -25 ақпан аралығында қышыма, дерматомикоз ауруларының алдын-алу мақсатында, акциясы өткізілді. Алматы облысы департаменті, денсаулық сақтау және білім басқармасымен бірлескен 2022 ж №52 № 64 №117 бұйрығына сәйкес «Қышыма, дерматомикоз ауруларының алдын алу» тақырыбына атқарылған іс-шаралар төмендегідей. Мектеп медбикесі оқушыларға қышыма, дерматомикоз ауруларының алдын-алу барысында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді.Мектеп медбикесі А.Ү.Адибаева оқушыларға тері ауруларының жұғу жолдары, ауырудың белгілері, жеке басының гигиенасын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр апта сайын тері ауруларына қарап медициналық тексерулер жүргізіледі және ата-аналарға хабардар етіледі.Мектеп бойынша қышыма, дерматомикоз аурулары анықталған жоқ.Сынып жетекшілер «Дені саудың жаны сау» тақырыбында 5- сыныпта сынып сағаты өткізілді.